Жастарды қоршаған ортаны қорғауға баулу және экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында Теректі ауданында “Жасыл Ел” еңбек жасақтарының қатысуымен “Эко-квест” экологиялық сайысы ұйымдастырылды.

Сайыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Темірболат Сағынгереев сөз сөйледі. Шараға Ақжайық, Шалқар, Шаған, Подстепный және Теректі ауылдарынан құралған командалар қатысып, эко-марафон, эко-эстафета және эко-куиз кезеңдерінде өзара бақ сынасты.
Жарыс қорытындысы бойынша “Подстепное-2” командасы үшінші орынға ие болса, “Ақжайық” командасы екінші орынды, ал “Шалқар” командасы бірінші орынды жеңіп алып, арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Қаламқас Аманжолқызы,
Теректі ауданы