29.07.2026, 23:00
Оқылды: 6

Елімізде санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың бірыңғай платформасы іске қосылды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудың бірыңғай цифрлық экожүйесін құрды.

istockphoto-1327568875-2048x2048

Фото: istockphoto.com

Бұл ауқымды жоба мемлекеттік бақылауды, декреттелген мамандықтардың медициналық тексерулерін, зертханалық зерттеулерді, өндірістік бақылауды және вакцинация мониторингін бір платформаға біріктірді.

Бұрын түрлі жүйелерде шашырап сақталған мәліметтер енді бір орталықта нақты уақыт режимінде талданады. Жаңа цифрлық экожүйе санитариялық-эпидемиологиялық қауіптерге жедел ден қоюға және төтенше жағдайлардың алдын ерте алуға толық мүмкіндік береді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале