13.08.2026, 23:30
Оқылды: 2

Қазталовта «Мен оқыған 30 кітап» байқауының жеңімпаздары анықталды

​Қазталов ауданында төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылған «Мен оқыған 30 кітап» байқауы өтті.

image-11-08-26-07-13

Аудандық білім додасына мектептерден 200-ге жуық оқушы қатысып, өздері оқыған шығармалары арқылы әдеби талғамы мен таным көкжиегін ортаға салды.

​А. Оразбаева атындағы мектеп базасында өткен шараның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев қатысушыларға сәттілік тілесе, қазылар алқасына ақын, «Парасат» орденінің иегері Дариға Мұштанова жетекшілік етті.

image-11-08-26-07-13-9

Аудандық мәдениет үйіндегі марапаттау рәсімінде аудан әкімі Асланбек Сарқұлов сөз сөйлеп, кітап оқитын өрендердің елдің интеллектуалдық капиталы екенін атап өтті.

​Байқау қорытындысы бойынша 5-7-сыныптар арасында І орынды Жаңатаң ауылының оқушысы Жангүл Тілекқабыл иеленіп, 100 мың теңге сыйақы алды. ІІ орын оның інісі Сұлтан Тілекқабылға бұйырып, 70 мың теңге иеленсe, ІІІ орынды 50 мың теңгелік жүлдемен Мадина Аққали еншіледі. Ал 8-11-сыныптар арасында А. Хұсайынов атындағы мектептің 8-сынып оқушысы Сезім Салауатқызы үздік шығып, І орынмен бірге 100 мың теңге сыйақыға және облыстық, республикалық кезеңдерге тікелей жолдамаға ие болды. Бұл санатта ІІ орынды Жансая Хайрулла, ал ІІІ орынды Нұрила Тыныбекова иеленіп, тиісінше 70 мың және 50 мың теңгелік сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар бір топ белсенді оқушыға 20 мың теңгелік ынталандыру сыйлықтары мен естелік тартулар табыс етілді.

image-11-08-26-07-13-4

​Қазылар алқасының төрайымы Дариға Ғазезқызы кітап оқу қозғалысын жаппай қолдаудың қоғам үшін маңызы зор екенін айтып, балалардың талпынысына ризашылығын білдірді. Ал жеңімпаздар Сезім Салауатқызы мен Жангүл Тілекқабыл ұйымдастырушыларға, ұстаздары мен ата-аналарына алғысын жеткізді.

image-11-08-26-07-13-13

Асылбек Нәсіпқалиұлы, 

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале