БҚО білім беру басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірде білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Фото: zhaikpress.kz фотомұрағатынан
Тамыз конференциясында облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Мемлекет басшысының ауылдық жерлердегі балалардың сапалы білім алуына қолайлы әрі жайлы жағдай жасау жөніндегі тапсырмасы аясында өңірде жаңа білім нысандары бой көтеруде.
Жаңа оқу жылына дейін облыста 8 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Жаңа мектептердің ашылуы оқушыларға заманауи әрі қауіпсіз ортада білім алуға мүмкіндік беріп, мектептердегі орын тапшылығын азайтуға және білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді.