14.08.2026, 21:00
Оқылды: 50

БҚО мектептерінде бастауыш сынып оқушылары үшін шахмат сабақтары жүргізіледі

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының хабарлауынша, өңірде бастауыш сынып оқушыларына шахмат үйрету тәжірибесі жаңа деңгейге көтеріліп, жаңа оқу жылынан бастап бұл сабақ облыстағы барлық мектептің бастауыш сыныптарында қолжетімді болады.

жп шахмат (14)

Бүгінде бұл бағыт бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді, атап айтқанда соңғы үш жылда 183 мектептің бастауыш сынып оқушылары вариативтік курс аясында шахматпен айналысып жүр. Бұл ретте жобаның нәтижесі халықаралық деңгейде де көрініс тауып, өткен оқу жылында Бөкей ордасы ауданының Жәңгір хан атындағы мектебінің оқушылары FIDE EDU халықаралық фотобайқауында бірінші орынды иеленді.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес алдағы оқу жылында осы тәжірибе кеңейтіліп, аймақтағы барлық мектепті қамтитын болады.

Тамыз конференциясында облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев білім беру саласындағы маңызды міндеттердің бірі қала мен ауыл балаларына тең мүмкіндік қалыптастыру екенін атап өтті. Оның айтуынша, шахмат балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытып, ақпаратты қабылдау және талдау дағдыларын жетілдіреді, әрі барлық балаларға қосымша бәсекелестік артықшылық береді.

Осылайша, бұл бастама балалардың зияткерлік әлеуетін арттырып, стратегиялық және логикалық ойлауын дамытуға, сондай-ақ қала мен ауыл оқушыларына тең білім беру мүмкіндігін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып саналады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале