ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша елімізде туберкулезбен сырқаттанушылық 11%-ға төмендеді.

Жасөспірімдер арасында бұл көрсеткіш 20,4%-ға, ал дерттің қайталану жағдайлары 12,1%-ға қысқарған. Жоғары қауіп тобындағы халықтың 95,9%-ы флюорографиялық тексеруден өтіп, нәрестелерді БЦЖ вакцинасымен қамту 88,5%-ды құрады.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Сархат Бейсенова 14 жасқа дейінгі балаларда аурудың ерте диагностикасын күшейту қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар сәуір-маусым айларында денсаулық сақтау нысандарының 99,6%-ына ауқымды мониторинг жүргізіліп, кемшіліктерді жою бойынша 7 мыңнан астам нұсқама берілді.
Жиын қорытындысында өңірлерге ауруды ерте анықтау мен диспансерлік бақылауды күшейту тапсырылды.