Сырым ауданы Өлеңті ауылының көпбалалы аналары мен келіндері бүгінгі маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, №293 сайлау учаскесіне өз таңдауларын білдірді.

Елдің ертеңі мен болашағына бейжай қарамай, маңызды қоғамдық мәселелерге үн қосу - әр азаматтың ел алдындағы жауапкершілігінің көрінісі.
Көп балалы аналар мен ауыл келіндерінің сайлау учаскесіне келіп, өз дауыстарын беруі - ел өміріне белсенді араласудың жарқын үлгісі. Әрбір дауыс - ел болашағына деген жауапкершілік. Әрбір таңдау - қоғамның дамуына қосылған үлес.