26.08.2026, 23:00
Оқылды: 42

Биыл агротехниканы жеңілдетілген лизингке беруге 350 млрд теңге бөлінді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Қостанайдағы AGROMASH зауыты ауыл шаруашылығы техникасы мен олардың құрамдас бөлшектерін өндіру үшін әлемнің 7 жетекші халықаралық компаниясын (Väderstad, Dewulf, Lindsay Corporation, Amity Technology, Vervaet, Kuhn Group және Brandt Agricultural Products) тартты.

photo_5222304246663946409_y

Фото: Agropresskz

John Deere, Deutz-Fahr, Lovol брендтерімен және отандық ESSIL комбайндарының өндірісімен қатар кәсіпорын өңірде ірі мультибрендтік орталықты қалыптастыруда. Зауытта жергіліктендіру деңгейі артып келеді: былтыр 2 мыңнан астам өздігінен жүретін техника және 300 мыңнан астам құрамдас бөлшек шығарылды (бөлшектер өндірісі 5 есе өсті). Ел ішінде өндіру халықаралық логистикаға тәуелділікті азайтып, егіс пен орақ науқанында бөлшектерді жедел жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ зауыттың астықты өңірлерде 9 филиалы мен 11 өкілдігі бар сервистік желісі жұмыс істейді.

Саланы мемлекеттік қолдау белсенді жүзеге асырылуда: аграршылар отандық техниканы жылдық 5% мөлшерлемемен, бастапқы жарнасыз, 10 жылға дейінгі мерзімге жеңілдетілген лизингпен сатып ала алады (құнның 30%-на дейін субсидиялау мүмкіндігі бар).

Биыл лизингке 350 млрд теңге бөлінді. Соңғы екі жылда техниканы лизингке беру 35%-ға өсті: 2023 жылы 178 млрд теңгеге 7 710 бірлік нарыққа шықса, өткен жылы 269 млрд теңгеге 10,4 мың бірлік техника берілген. Өткен жылы 4 249 трактор (+50%) және 807 комбайн (+58%) сатып алынды. «ҚазАгроҚаржы» АҚ дерегінше, биылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 286,5 млрд теңгеге 8 920 бірлік техника лизингке өтті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23%-ға жоғары.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале