31.08.2026, 17:45
Оқылды: 6

Жас судомодельшілер – ел кубогінің жеңімпаздары

Ағымдағы жылдың тамыз айында Қостанай қаласында Қазақстан оқушыларының XIII жазғы Гимназиадасы аясында судомодельдік спорттан республикалық жарыс өтті. Байрақты бәсекеге еліміздің 5 өңірінен 80-ге жуық жас спортшы қатысып, U-13 және U-17 жас санаттарында өзара бақ сынады.

cd4f0983-d5dd-444f-9cda-15e65c83ab47

Судомодельдік спорт – техникалық шеберлік пен дәлдікті, ұқыптылық пен шығармашылықты қатар талап ететін спорттың ерекше түрі. Қатысушылар өз қолдарымен жасаған кеме модельдерін басқарып, олардың жылдамдығы мен қозғалыс дәлдігін сынға салды. Мұндай жарыстар жасөспірімдердің техникалық ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, олардың инженерлік-техникалық бағыттарға қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Жарысқа Батыс Қазақстан облысының намысын Теректі ауданы Подстепный жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары қорғады. Жетекшілері Аққожин Манас Исмағұлұлының дайындығымен сынға түскен жас спортшылар бірнеше санат бойынша жоғары нәтижелер көрсетіп, командалық есепте де жүлделі орындарға ие болды.

ХІІІ Жазғы Қазақстан оқушыларының Гимназиадасы аясындағы жарыста:

Абдул Қайырбек:

* F2-A класы – І орын;

* F2 класы – ІІ орын;

* ECO Expert – ІІІ орын;

* Mini Expert – ІІІ орын.

Сағидолла Аян:

* F2-JU – І орын;

* FSR Standart – ІІ орын.

Энгельсов Марлен:

* F4-A – І орын;

* F2-B – ІІІ орын.

Жарыстың қорытындысы бойынша Подстепный ЖОББМ командасы жалпы командалық есепте ІІІ орын иеленді.

Сонымен қатар жас спортшылар Кеме үлгілерін жасау спорты бойынша Қазақстан Республикасының Кубогі жарысында да бақ сынап, тамаша нәтижелер көрсетті.

Абдул Қайырбек:

* Mini Expert – І орын;

* ECO Expert – ІІІ орын;

* F2-K – ІІІ орын.

Сағидолла Аян:

* F2 – ІІІ орын.

Энгельсов Марлен:

* F4-A – І орын;

* F2-A – ІІІ орын.

 

Бұл бәсекеде де Подстепный ЖОББМ командасы жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы командалық есепте І орын иеленді.

Оқушылардың қос бірдей республикалық додада жүлделі орындарға ие болуы – жүйелі дайындықтың, табандылықтың және жетекшінің еңбегінің жемісі. Жас судомодельшілер өздерінің техникалық қабілеттерін дәлелдеп, Теректі ауданы мен Батыс Қазақстан облысының мерейін республикалық деңгейде асқақтатты.

Бұл жеңістер – мектеп оқушыларының тек білім мен өнерде ғана емес, техникалық шығармашылық пен спорт бағытында да биік белестерді бағындыра алатынының айқын көрінісі.

Жас спортшыларды жеңістерімен құттықтап, алдағы жарыстарда да толағай табыстар тілейміз!

 

Нұргүл Рамазанқызы

Теректі ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале