8.10.2026, 9:30
Оқылды: 10

Инфляцияның баяулауы халықтың табысына қысымды төмендетеді

Қазақстандағы инфляция жүйелі түрде бәсеңдеуін жалғастыруда, - деп жазады Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі.

6f600bd4fb3c648a007c17b69b77e8bede418c1013a96cb1056f1ab355042f41_1280x720

2026 жылғы қыркүйекте жылдық инфляция тамызбен салыстырғанда 0,5 пайыздық тармаққа төмендеп, 9,3%-ға дейін баяулады.

Бір айдағы бағаның өсуі 0,6%.

Инфляцияны бәсеңдетудегі негізгі үлесті азық-түлік тауары бағасының өсу қарқынының төмендеуі жалғастыруда.

Қыркүйекте азық-түлік тауары бағасы бір айлық мәнде 0,1%-ға төмендеді. Дефляция екінші ай қатарынан байқалады.

Нәтижесінде жылдық азық-түлік инфляциясы 8,5%-ға дейін бәсеңдеді(тамыздағы 9,5%-дан).

Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары (ӘМАТ) бағасының өсуін бақылау бойынша қабылдап жатқан шараларының арқасында ӘМАТ бағасының жылдық өсімі 1,8%болды.

Азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер бойынша баға жағдайы тұрақты болып қалады.

Азық-түлік емес инфляция жылдық мәнде 11%-ға дейін бәсеңдеді. Ақылы қызмет бағасының өсуі 8,9% деңгейінде сақталды.

Инфляциялық процестердің баяулауы аясында 2026 жылғы екінші тоқсанда халықтың нақты ақшалай табысы 0,7%-ға өсті.

Инфляция қарқынын одан әрі төмендету халықтың табысына бағаның өсу қысымын азайтуға ықпал ететін болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале