7.10.2026, 22:00
Оқылды: 60

​«Шаған» өткізу пунктінде мемлекеттік шекара қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды

БҚО прокуратурасының мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында облыс прокуроры Нұрбек Ұласбекұлының төрағалығылығымен «Шаған» өткізу пунктінде мемлекеттік шекарадағы заңдылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне арналған Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.

IMG_20261007_185216_671

Фото: GenPr

Жиынға облыс әкімі Нариман Төреғалиев, Шекара қызметінің, ұлттық қауіпсіздік органдарының, полиция департаментінің және өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары қатысып, өткізу пунктінің инфрақұрылымы мен техникалық жарақтандырылуын талқылады.

IMG_20261007_185227_706

Кеңес барысында соңғы 5 жылда мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өтуге қатысты 143 қылмыстық құқықбұзушылық, заңсыз көші-қонды ұйымдастыру бойынша 35 дерек тіркелгені, сондай-ақ соңғы 2 жылда шекара және көші-қон режимін бұзғаны үшін 2 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталғаны айтылды. Биылдың өзінде заңсыз тауар өткізудің 500-ге жуық әрекетіне тосқауыл қойылған.

IMG_20261007_185230_797

Осы түйткілдерді кешенді шешу мақсатында Шекара қызметінің инженерлік инфрақұрылымын жаңарту, цифрландыру және көші-қон бақылауын жетілдіруді көздейтін 3 жылға арналған арнайы тұжырымдама жасақталды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале