8.10.2026, 11:15
Оқылды: 10

Оралда көпқабатты үйдің төбесінен құлаған екі жасөспірім мерт болды

Орал қаласында көпқабатты үйдің төбесінен құлап кеткен екі жасөспірім көз жұмды, - деп жазады kaz.inform.kz.

d2aa0519-72e0-4b99-9b10-8ef0e6fc2be5 (1)
Фото: Kazinform

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі кезде оқиғаның толық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

— Тергеу барысы БҚО полиция департаменті басшылығы мен облыс прокуратурасының бақылауында. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды, — деп хабарлады ведомстводан.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, қаза тапқан жасөспірімдердің бірі 16, екіншісі 14 жаста.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале