14.10.2026, 15:45
Оқылды: 14

Бөрлі ауданында білім мен зерделілік сынға түсті

Бөрлі аудандық Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Эко Battle» жобасы аясында қазақ тіліндегі «Quiz» интеллектуалды ойыны өтті. Ақсай қаласының мәдениет үйінде ұйымдастырылған шараға ауданның әртүрлі саласында қызмет атқаратын белсенді жастардан құралған 9 команда қатысты.

WhatsApp Image 2026-10-14 at 16.42.35

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, білім деңгейін арттыру және экологиялық мәдениет пен қоршаған ортаға деген жауапкершілікті қалыптастыру.

WhatsApp Image 2026-10-14 at 16.42.36 (2)

Шара барысында Жастар ресурстыш орталығының басшысы Ардақ Сәкенқызы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ол жастардың білімін шыңдап, өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін осындай танымдық жобалардың маңыздылығына тоқталды.

WhatsApp Image 2026-10-14 at 16.42.36 (1)

Қатысушылар интеллектуалды ойын барысында «Эрудиция», «Жаңа Конституция», «Әнді тап», «Логикалық сұрақ/ребус», «Кино көрем» және «Таза Қазақстан» кезеңдерін артқа тастады.

WhatsApp Image 2026-10-14 at 16.42.36

Әр кезеңде командалар жалпы білім, логикалық ойлау, тапқырлық пен жылдамдық қабілеттерін көрсетті. Әсіресе, «Таза Қазақстан» кезеңі жастардың экологиялық сауаттылығын саралап, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне назар аударуға мүмкіндік берді.

Шара соңында ойын қорытындыланып, үздік нәтиже көрсеткен командалар марапатталды.

 

Мейрамбек Сыдықов,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале