19.10.2026, 15:15
Оқылды: 11

Облыс әкімі Жаңақала ауданының тұрғындарымен кездесті

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев жұмыс сапары аясында Жаңақала ауданының тұрғындармен кездесті. Аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап, алдағы мақсат-міндеттерге тоқталды.

WhatsApp Image 2026-10-19 at 16.15.05

Аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді. Оның айтуынша, 2023-2026 жылдар ішінде негізгі капиталға 54,3 млрд теңге инвестиция тартылып, 60 жоба жүзеге асырылды. Осы уақыт ішінде 4,6 млрд теңгеге 8,8 мың бас асыл тұқымды мал сатып алынды. Былтыр 18,3 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді.

WhatsApp Image 2026-10-19 at 16.15.02

Есепті кезеңде Қырқопа, Көпжасар және Бірлік ауылдарындағы мектептер жаңғыртылды. Сондай-ақ бірқатар білім беру ұйымдары жөнделіп, материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Жол инфрақұрылымын дамытуға 24,1 млрд теңгеге 16 жоба, энергетика саласында 5 млрд теңгеге 11 жоба қарастырылды.

WhatsApp Image 2026-10-19 at 16.15.03 (1)

Мәдениет және спорт салаларында 793 млн теңгеге 14 жоба жүзеге асырылды. Биыл Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі «Жақсылық жалғасады» бейнероликтер байқауында жеңімпаз атанып, ауданға «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының есебінен 100 млн теңгеге спорт алаңы салынатын болды.

2023-2026 жылдары 3,3 млрд теңгеге 183 пәтер сатып алынды. Оның ішінде биыл жалғыз үйі апатты деп танылған 23 азамат баспаналы болды.

Облыс әкімі өңірде ауыл шаруашылығын қолдау, гидронысандарды жаңғырту жұмыстары қарқын алғанын атап өтті.

- Біз қазір гидротехникалық құрылыстарды жергілікті теңгерімінен республикалық меншікке өткізіп жатырмыз. Бұл жұмыстар нысандарды жаңғыртуға мүмкіндік береді. Жаңақала ауданында 30 канал мен 16 көлтабан коммуналдық меншіктен республикалық «Қазсушар» кәсіпорнының теңгеріміне табысталды. Осындай жұмыстар жүйелі жалғаса береді, - деді Нариман Төреғалиев.

WhatsApp Image 2026-10-19 at 16.15.06

Тұрғындар жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, білім беру инфрақұрылымын дамыту және ауданға еңбегі сіңген тұлғаларды дәріптеуге қатысты ұсыныс-пікірлер айтты.

WhatsApp Image 2026-10-19 at 16.15.03

Аймақ басшысы әрбір мәселені көппен бірге талқылап, құзырлы құрылымдарға нақты тапсырмалар берді.

WhatsApp Image 2026-10-19 at 16.15.07

Жаңақалалықтар ауданда атқарылған жұмыстарды оң бағалады. Кездесуден соң облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале