11.05.2017, 16:56
Оқылды: 24

Биыл Жәнібекте «Нұрлы жер» бағдарламасымен 48 үй салынбақ

 

Облыс әкімі Алтай Көлгіновтің жұмыс сапары Жәнібек ауданында жалғасуда. Бұл ауданда 9 ауылдық округ, 18 елді мекен бар. 837 орта және шағын кәсіпкерлік нысаны тіркелген.


Өңір басшысы аудан орталығындағы салынып жатқан 8 үш пәтерлі тұрғын үй құрылысы барысымен танысты. Биыл бұл өңірде 48 тұрғын үй салынбақшы екен.

Аудан орталығында ұзындығы 53 шақырымдық 29 көше болса, оның ұзындығы 10 шақырымдық 9 көшесі жөнделмек. Сапар барысында өңір басшысы "Ақбұлақ" бағдарламасы бойынша тартылған таза ауыз су құбыры  құрылысымен танысты.

Түс ауа өңір басшысы бастаған делегация Қамысты ауылындағы Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің  Е. Ниетқалиев атындағы орта мектепке ат басын бұрды. 2013 жылы салынған ғимаратта 217 шәкірт тәрбиеленуде. Мектепті аралап шыққан облыс әкімі ұстаздар қауымына  жетістік тілеп, "Алтын белгі" иегерлерінің  көбеюі қажеттігін тілге тиек етті.

Жәнібек ауданында тоғыз ауылдық округпен 13 елдімекен табиғи газбен қамтасыз етілген. Өңір басшысы биылғы жылы Жұмаев, Майтүбек елдімекендеріне газ келетінін жеткізді. Нысан толықтай жүзеге асқан күнде көгілдір отынмен 229 тұтынушы қамтылмақ. Сондай-ақ өңір басшысы Жәнібек ауданының шетіндегі "Әлім" шаруа қожалығына барып, қожалықтың жай-күйімен танысты. 2007 жылы құрылған шаруа қожалығында 600 бас ірі қара бар.

Гүлсезім Бияшева

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале