Облыс әкімі Алтай Көлгінов аудан активіне жаңа әкімді таныстырды. Бұған дейін Сырым ауданын басқарып келген Абат Шыныбеков аудандық мәслихат депутаттарының келісімен Қазталов ауданының әкімі болып тағайындалды.
- Басталған жұмыстарды уақытылы, сапалы әрі тиянақты түрде аяқтауды бақылауда ұстауды тапсырамын. Елбасының өңірлерді дамыту туралы тапсырмасына сәйкес облысымызға үлкен қолдау бар. Тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға біліміңіз бен тәжірибеңізді жұмсайды деген сенім білдіреміз. Мемлекет басшысының биылғы жолдауынан, рухани жаңғыру бағдарламасынан шығатын тапсырмалардың ауданда тыңғылықты орындалуын қадағалаңыз,-деді облыс әкімі.
Шыныбеков Абат Абайұлы 1973 жылы дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары, 1995 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылығы институтын «Ауыл шаруашылығын механизациялау», 1998 жылы Батыс Қазақстан «Евразия» тілдер және менеджмент институтын «Экономика –менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.
А.Шыныбеков 1996-2003 жылдары аралығында әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік қызметте қызметтер атқарған.
zhaikpress.kz