Ақжайық аудандық орталық ауруханасында қарияларға арналып «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. Яғни, алыс-жақын ауылдардан келгендер өздері қалаған мамандарға алдын ала жазылусыз қабылданды.
Айталық, дәрігер-кардиолог Әсел Ералиева бұл күні 25 қарияны қабылдап, онын 15-іне ЭКГ-ға және 3 қаралушыны стационарлық көмекке жіберді. Көз дәрігерінің мейірбикесі Айгүл Төлешева 15 егде адамға амбулаториялық ем тағайындады. Дәрігер-эндокринолог және оториноларинголог Гүлнәр Сәндібекова өзі қабылдаған 28 науқастың арасынан мысалы, үшеуін стационарлық ем алуға, екеуін облыстық консультациялық диагностикалық орталыққа жолдады. Дәрігер-онколог Ғабит Оразов 7 науқасты қабылдады.
- Сондай-ақ 26 адам зертханалық анализ тапсырды. Бұл күні барлығы 93 қария қабылданды, оның ішінде айталық, Жаңабұлақ, Коловертное, Қабыршақты, Мойылды, Есенсай, Мерген ауылдарынан келгендер болды. Олар аудан орталығына біздің көліктерімізбен жеткізілді,- деді Ақжайық орталық аудандық аурухана директоры Дархан Хайрошев.
Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы