17.01.2018, 12:25
Оқылды: 137

Жалпақтал тұрғындарын қабылдады

Қазталов ауданы әкімі Абат Шыныбеков Жалпақтал ауылында болып, ауыл тұрғындарын жекелеген сұрақтар бойынша қабылдады.

Еңбек ардагері Әлібек Қоңырбаев Социалистік еңбек ері Қ.Михановаға арналып ескерткіш қойылса деген ұсынысын жеткізді. Аудан әкімі Жалпақтал Мәдениет үйінің алдынан Социалистік еңбек ерлеріне арнап аллея жасақтау қолға алынып жатырғанын айтты.

Қабылдауда тұрғындардың дені тұрғын үй, жұмыспен қамту және кәсіппен айналысу секілді мәселелері айтылды.

Ал тұрғын үйі өртеніп кеткен Жұмажан Бекқалиев аудан тарапынан құрылыс материалдарынан көмек болса деген тілегін жеткізді. Аудан әкімі қолдау көрсететінін айтты.

Тұрарбек АҚМУРЗИН,

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале