Қазталов ауданы әкімі Абат Шыныбеков Жалпақтал ауылында болып, өзекті мәселелер бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауға келгендердің дені тұрғын үй және тұрақты жұмысқа орналасу мәселесін қозғады. Әкім сонымен қатар Жалпақтал ауылында орналасқан киножүйесі мекемесі қызметкерлерінің сауалына жауап берді.
-Аудандық киножүйесі мекемесінің атауы өзгереді. Мұндағы қызметкерлері ешқайда кетпей, қысқартуға ұшырамайды. Бұл ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, мұражай жасақтауды жөн көріп отырмыз,-деді Абат Шыныбеков.
Тұрарбек АҚМУРЗИН,
Жалпақтал ауылы