Бұқаралық спортты кеңінен дамыту мақсатында Орал қаласында шағын футбол спорт түрінен өткен додада тасқалалықтар жеңімпаз атанды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылған сайысқа өңір бойынша 7 команда қатысып, өз мықтылықтарын танытып бақты. Сондай-ақ аталмыш жарыс салауатты өмір салтын насихаттау мен шұғылданушы спортшылардың шеберліктерін арттыру мақсатын көздеді.
Нәтижесінде аудан намысын қорғаған жерлестеріміз 1-орыннан көрінсе, 2-орынға Сырым ауданы құрамасы жайғасты. Ал жүлделі 3-орынды Қазталов ауданы командасы қанжығасына байлады.
Әсемгүл Серікқалиқызы,
Тасқала ауданы