«БатысБілімТаlks» лекторий жобасының І сессиясы «Цифрландыру: баршаға қолжетімді сапалы білім» тақырыбымен өтті.
Сессияда «BilimmediaGroup» ЖШС-ның директоры Рауан Кенжеханұлы, «Knowledge Egineering» ЖШС-ның директоры Нартай Әшім «білім берудегі заманауи трендтер» және «Мұғалімдердің кәсіби біліктілгін арттыруға арналған сандық ресурстар» тақырыптарында сөз сөйледі.
Алдымен Рауан Кенжеханұлы Ұлттық аударма бюросының басшысы ретінде Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы шеңберінде аударылып, басып шығарылған 18 оқулықтың таныстырылымын өңірлер арасынан БҚО-да жасалып отыр.
Оның айтуынша, алты негізгі бағыттан тұратын бағдарламаның бір бағыты «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша студенттер әлемнің маңдайалды университеттері ғалымдарының еңбектерін мемлекеттік тілде оқитын болады. Сол 100 кітаптың алғашқы 18-і жөнінде ролик көрсетілді.
Ондай оқулықтардың қатарында «Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психологияға кіріспе», «Әлеуметтану негіздері», «Менеджмент», «Тіл біліміне кіріспе», «Тіл және мәдениетаралық коммуникация», «Кәсіпкерлік» оқулықтары және өзгелері бар.
Р. Кенжеханұлының айтуынша, алдағы жаңа оқу жылында жаңа оқулықтар кітапханаларға және ЖОО-ларға түседі.
Сессияда шәкірттерге жаңа технологиялы білім беру ресурстарымен, заманауи трендтер, мұғалімдердің білім-білігін көтеруге арналған сандық ресурстар («Bilim land», «Bilim book», «Аkademia.kz» т.б) жайында кеңінен әңгімеленді.
-«Білім book» жобасы шағын комплектілі мектептерге қолайлы. Ондай компьютерге жадына қажетті білім ресурсы салынған. Интернеттің қажеті жоқ. Бір сыныпта әр сыныптан 15 бала оқитын болса, мұғалім олардың әрқайсысына әртүрлі электрондық тапсырма бере алады. Бала сабақты игермейінше,бағдарламамен алға жылжи алмайды. Мұны біз еліміздің үш шағын мектебінде байқап көрдік. Нәтижесі жаман емес. Биыл облыс әкімінің қолдауымен БҚО-дағы шағын мектептерде осы платформа бойынша жұмыстанбақпыз. Бұған қатысатын мектептердің мұғалімдеріне әдістемелік оқулықтар дайындаймыз. Техникалық , әдістемелік көмек көрсетеміз. Шалғайдағы ауыл мектептеріндегі білім сапасын жаңа деңгейге көтеру міндетін қойып отырмыз. Дүние жүзінде мектептер шағын болса, білім сапасы жоғары болады деген түсінік бар. Ал бізде әзірге олай емес. Жаңа технологиялар арқылы соған жетеміз, - деді Рауан Кенжеханұлы.
Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,
«Орал өңірі»
Фото Айбатыр Нұраш