Кеңес Одағының Батыры Михаил Абдоловтың 100 жылдығына арналып, «Даланың даңқты ұлы» атты салтанатқа Ақжайық ауданында жан-жақты дайындық жүргізілду.
Белгілі қаламгер Айтқлаи Нәріков бұл мерейтойға үлкен сый жасады. Оның М.Абдоловтың Ұлы Отан соғысындағы ерлік жолы туралы «Барлаушы» атты кітабы бүгін-ертең «ШұғылаПринт» баспасында дайын болады.
21 қыркүйекте мерейтой құрметіне Чапаев – Жамбыл ауылы (батырдың туып-өскен жері) бағытында 60 шақырымдық эстафеталық марафонға ауданның барлық 18 ауылдық округінен өкілдер қатысады. Ауылда М.Абдолов музейі ашылады. Бұдан әрі шаралар оқушы айтыскерлер арасындағы «Батырдан қалған дара жол» атты айтысқа ұласады. Ауданның өнер ұжымдары концерт береді. Келесі күні Жамбылда айтыс, аламан бәйге, асық ату, арқан тартыс, қыз қуу, аударыспақ, қой көтеру, теңге ілу секілді ұлттық ойындар өтеді.
Бекем БЕКҰЛЫ,
Ақжайық ауданы