Ақжайық ауданы Ақсуат ауылдық округінің Ақбұлақ ауылында қазанның 14-інде, сағат 02 шамасында екі тұрғын үйдің шаруашылық құрылыстарында өрт оқиғасы орын алды.
Қораларды «тілсіз жау» жалмап, бір үйдің пішен ауласындағы 200 дана, екіншісінен 150 дана тайланған шөбі отқа оранды. Өртты сөндіруге аудандағы №24 өртпен күрес бөлімінің жеке құрамы, 25 ауыл тұрғыны жұмылды. Оқиғаның себебі мен шығыны анықталуда.
Бекем БЕКҰЛЫ,
Ақжайық ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!