Ақжайық аудандық сотында ҚР Қылмыстық кодекстің 337-бабы – заңсыз аңшылық, ал 339-бабы – өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерін заңсыз аулаған 2017 жылы 1 қылмыстық іс тіркеліп, 2 адамға қатысты үкім шығарылған. Биыл 9 айда 5 қылмыстық іс қаралып, 8 тұлғаға қатысты үкім шығарылды.
Мәселен, жуырда аудандық сот үкімімен А. есімді тұрғын ҚК-тің 339-бабымен айыпты деп танылып, 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Ол 2018 жылдың көктемінде бір жасқа дейінгі киіктің төлін ұстап, қыстаққа әкеліп сойып, өз пайдасына жарату үшін сақтаған.
– Сотпен талқылау барысында айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындады. Сот үкімімен сотталушыдан 2525 250 теңге мемлекет пайдасына өндірілді,-дейді Ақжайық ауданы сотының судьясы Асхат Ғапуов.
Бекем БЕКҰЛЫ,
Ақжайық ауданы,
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!