Ақжайық ауданының Ақжол ауылдық округіндегі Мәдениет үйі жанындағы би үйірмесіне 6 жастан бастап 50 ұл-қыз қатысады.
Талантты балалардан құрылған «Айдарын» би ансамблі мүшелерінің аудандық, облыстық байқаулардағы жетістіктері аз емес. Үйірме мен ансамбльдегі өрімдердің талабына «Сахарный» мұнай қыздыру бекетінің еңбек ұжымы жомарттық танытты. Атап айтқанда, аталған мекеме басшысы Әнуар Өтемісов бастап, жауапты қызметкер Есей Қалентаев қостап, би залына ұзындығы 18 метр станок жасап берді.
- Балғын бишілердің жаттығып, шеберліктерін жетілдіру үшін мұндай дүние аса қажет еді. Осы мұқтаждықты өтеген ауылдастарымызға, бүкіл ұжымына ризамыз,-дейді Мәдениет үйінің жетекшісі Нұрлығаным Құсайынова.
Бекем БЕКҰЛЫ,
Ақжайық ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер