Ақжайық ауданының тұрғындары әлдебір мәселелермен бұдан былай полиция бөліміне барып жүрмейді. Аудан орталығы Чапаевтың Қазақстан көшесі бойында азаматтарды қабылдау үшін фронт-офис ашылды.
Мұнда кесте бойынша күнсайын полицияның бүкіл қызметінің өкілдері кезекшілік жасап, құқықтық консультациялар береді. Аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Әзілхан Қайырхановтың айтуынша, келушілер үшін барлық жағдай жасалған.
Осындай қабылдау бекеті Тайпақ ауылында да ашылып, жұмысқа кірісті.
Бекем БЕКҰЛЫ,
суретті түсірген Нұрбек ИХСАН
Ақжайық ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер