Жуырда Щучинск қаласында шаңғымен бағдарлау спортынан ересектер мен жастар және жасөспірімдер арасында ҚР кубогі сарапқа салынған болатын.
Ел кубогі сарапқа салынған жарыста өңір намысын қорғаған зеленовтық Наргиза Иргусаева спринт және орта қашықтықта үздік, ұзақ қашықтықта екінші нәтиже көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды.
Енді Наргиза келер жылдың наурыз айында Ресейдің Красноярск қаласында өтетін бүкіләлемдік қысқы универсиадада ел намысын қорғайтын болады.
- Ел кубогінің жеңімпаздары универсиадаға тікелей жолдама алатын болғандықтан бұл жарысқа кілең мықтылар келді. Шәкіртім намысты қолдан берген жоқ. Ендігі меже – студенттер жарысынан жүлде алу. Қазір дайындықты күшейттік, универсиада алдында ел құрамасымен бірге оқу-жаттығу жиынын өткіземіз, - дейді Наргизаның бапкері Серік Хайруллин.
Бұдан бөлек аталмыш додада өз жас ерекшеліктері бойынша Естай Кенгесбаев пен Ләззат Төлепбергенов жүлделі ІІІ орынды иеленсе, Ақжайық Елубаева мен Еділбек Елубаев алтыннан алқа тақты.
Түгелбай БИСЕН,
Зеленов ауданы
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер