«Nur Otan» партиясына 20 жыл және Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл толуына орай ерлер арасында ұйымдастырылған турнирге аудан әкімі Асхат Шахаров арнайы қатысты.
- Кемел келешек пен жарқын болашаққа бастаған егеменді елімізде спортты қолдау жан-жақты даму барысында спортпен шұғылдану, жаттығу жасау - саламатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі кепілі болып саналады. Соған орай ауданымызда өтіп жатқан ерлер арасындағы волейболдан ашық турнирге қош келдіңіздер! Қатысушы командаларға сәттілік тілеймін, - деді Асхат Берлешұлы.
Волейбол жарысына көршілес Тасқала ауданы, аудан орталығы Переметный ауылы, Дариян ауылы және ауылдық округ әкімдері командалары қатысты.
Жарыс қорытындысында Тасқала ауданы құрама командасы І орынды жеңіп алса, ауданымыздың ауылдық округ әкімдерінен құралған құрама команда ІІ, Переметный ауылдық округі құрама командасы ІІІ орындарды иеленді.
Турнир соңында жеңімпаз командалар марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды.
Шыңғыс Ромашев,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер