Шетел азаматтарының Қазақстан көші-қон заңнамасын бұзбауын, елімізде уақтылы тіркелуін, мезгілінде шығуын қадағалау мақсатында жер-жерде «Нелегал – 2019» жедел профилактикалық шарасы өткізілді.
- Аудан аумағында төлқұжаттарының мерзімі өтіп кеткені және келген жерінде тіркеуге тұрмағаны үшін 3 шетелдікке әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 492-бабы, 2-бөліміне сәйкес айыппұл салынды. Сондай-ақ уақытша тіркелу тәртібін бұзған (аталған кодекстің 517-бабы, 1-бөлімі) 11 шетелдікке (өзбек азаматтары) әкімшілік хаттама толтырылды. Шетелдікті жұмысқа заңсыз тартқан (кодекстің 518-бабы, 1 бөлімі) Бударин ауылының тұрғынына да әкімшілік хаттама толтырылды, - дейді Ақжайық аудандық полиция бөлімі көші-қон қызметі тобының аға инспекторы Жанарбек Есенгереев,-
Мұндай профилактикалық шара алдағы кезде де өткізіліп тұрады.
Бекем Бекұлы,
Ақжайық ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер