Сырым ауданында балалардың демалысын тиімді өткізу мақсатында Сырым аудандық жас туристер станциясы орталығының ұйымдастыруымен шатырлы лагерь жұмысын бастады. Шатырлы лагерь биыл ауданда алғаш рет ұйымдастырылды.
Орталық мамандарының айтуынша, екі ауысыммен 205 баланы қамтып, оларға жазғы демалысты ашық аспан астында өткізуге мүмкіндік жасайды. Салауатты өмір салтын ұстануға, балаларды тынықтырып әрі бойларын шынықтырып, этно-жарыс сайысы өтті.
Лагерь ұлттық тәрбиеге аса көңіл бөлуде. Қыздар ұршық иіріп, жүн түтіп сайысқа түссе, жігіттер асық ату,қол күресі сынды жарыстарда бір-бірінен оза шапты. «Экологиялық мәдениет – тазалық кепілі» атты экологиялық акция өтіп, тоғай қоқыстан тазаланды.
Жүлдегерлер мен жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.
Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы,
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер