Шыңғырлау ауданында мемлекеттік органдар «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесін» өткізді.
Жәрмеңкеде аудан әкімі аппаратының басшысы Т.Сағынгереев, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Э.Ығылманова азаматтарды қабылдап, ұсыныс-пікірлерін тындап, сұрақтарға жауап берді. Аудан тұрғындарына консультативтік-әдістемелік көмек, «электрондық үкімет» веб-порталында электрондық қызметтер, ЭЦҚ алу мүмкіндігі туралы презентациялар, оқытулар жүргізілді.
Тағы бір айта кетерлігі, «Мен «электрондық үкімет» веб-порталын таңдаймын» тақырыбына эссе жазудан сайыс өтіп, электронды аңықтамалар алуды жақсы меңгерген тұрғындарға сыйлықтар табысталды.
Жәрмеңкеге 70-тен аса тұрғын қатысып, оларға электрондық қызметтер берілді.
Г. Шынтас,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағыпарақшамыздан және Telegramарнамыздан алғашқы болып біліңіздер