28.09.2024, 17:30
Оқылды: 123

«Әр азаматтың референдумға қатысуы маңызды» – Азамат Симғалиев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында атом электр станциясын салу мәселесі жалпыұлттық референдум арқылы шешілетінін атап өтті.

IMG-20240928-WA0018Азамат Симғалиев, Долин ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы

Бұл «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының айқын көрінісі. Біз экономикалық жеңіске ғана емес, энергетикалық тәуелсіздікке де қол жеткіземіз, сондықтан барлық қазақстандықтардың азаматтық ұстанымын көрсетуі маңызды.

Жалпы атом электр станциясының құрылысы – еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған ауқымды жобаның бірі. Атом энергетикасының дамуымен бірге өндірістік әлеуетті де арттыра аламыз.

Сондықтан әрбір азаматтың референдумға қатысуы маңызды. Бұл экономикалық белсенділікті қолдауға және азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам.

Теректі ауданы 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале