16.07.2019, 17:35
Оқылды: 230

Биыл «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жылдағыдан ауқымды болады

Мектепке жолАқжайық ауданының Құрайлысай ауылдық округіндегі Талап мектеп-бөбекжай кешеніндегі көпбалалы отбасындағы 6 оқушыға мұғалімдер өз жинақтары есебінен оқу құралдарын алып берді.

- Бұл көмек «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына орай  көрсетілді. Биыл «Жүректен жүрекке!» ұранымен өтетін аталған акцияға байланысты 1 қыркүйекке дейін ауылымыз бойынша дәстүрлі қайырымдылық әдеттегідей ауқымды болары сөзсіз,- дейді әлеуметтік педагог Арайлым Ибрашова.

Ауданда 1 қыркүйекке дейін өтетін дәстүрлі акцияға орай жер-жерде дайындықтар жүргізілуде. Былтыр әлеуметтік әлсіз отбасылардағы 1356 балаға 5 млн. 761 мың теңгенің көмегі көрсетілген болатын.

Бекем Бекұлы,

Ақжайық ауданы

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале