20.02.2020, 11:27
Оқылды: 50

Мас күйінде көлік жүргізген бәйтеректік жазаға тартылды

Бәйтерек аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлімі бойынша құқықбұзушы В.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

пьяный за рулем

Ол 10 ақпан күні сағат 21.00 шамасында Бәйтерек ауданы Переметный ауылында масаң күйінде «Toyota Avalon» маркалы көлік құралын басқарған.

Сот отырысында  В. өзінің әкімшілік құқықбұзушылықты жасағанын толық мойындап, сот қаулысымен  15 тәулік мерзімге қамауға алу жазасымен қоса 7 (жеті) жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру әкімшілік жазасына тартылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ, – дейді Бәйтерек аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Т.Макишев.

Ертай САҒЫНДЫҚҰЛЫ,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале