2 наурызда өткен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысында Сырым ауданы әкімінің орынбасары Е.Ахметовке қатысты тәртіптік іс материалы мен мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасына қатысты мәселелер қаралды.
Алдымен, Жаңақала ауданы әкімі аппаратымен мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы мәселесі аясында атқарылған жұмыс нәтижелерін қарау бойынша Жаңақала ауданы әкімі Наурызбай Қарағойшиннің есебі тыңдалып, оның қорытындысы негізінде кеңес тарапынан аудан әкімі атына мемлекеттік қызмет туралы заңнама мен қызметтік әдеп нормаларына қатысты бұзушылықтарды болдырмау және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша ұсыныстар берілді.
Келесі БАҚ құралдары мен әлеуметтік желілерде кеңінен таралған қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдалану мәселесіне қатысты сыни мақала мен бейнематериал негізінде Сырым ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Ахметовке қатысты тәртіптік іс материалы қаралып, нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңеспен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі талаптарын сақтамағаны үшін соңғыға «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылданды.
Әдеп жөніндегі кеңеспен мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы мәселесі аясында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 2019 жылғы жұмыс нәтижелері қаралып, оның қорытындысы негізінде кеңес тарапынан облыстық мемлекеттік органдар атынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мәселесіне қатысты бірқатар ұсыныстар берілді.
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер