19.03.2020, 17:21
Оқылды: 82

Оралда химиялық реагенттер шығаратын зауыт іске қосылды

Жиырма жылдан бері еліміздің мұнай-газ саласындағы комапанияларға қажетті химиялық өнімдерді тасымалдап келген «Топан» ЖШС Орал қаласында химиялық реагенттер шығаратын өнеркәсіпті іске қосты. Енді өндіріс ошағы өңіріміздегі мұнай-газ өндіретін кәсіпорындарды сапалы химиялық өнімдерімен қамтамасыз ететін болады.
0BBEF7F1-F02D-47D0-806F-9BDB75E8A094

- Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелқлы Тоқаев жұмыс орындарын сақтап қалу керектігін тапсырған болатын. Қазіргі аздаған қиыншылықтарға қарамастан өңірімізде жаңа жұмыс орындарын ұсынған кәсіпорын жаңа белесті бағындырып отыр. Бұл - мемлекет дамуының көрінісі. Еліміздің батыс аймағында мұнай-газ өндірісі көп. Қара алтын өндіретін кәсіпорындарға химиялық реагенттер қашан да керек. Бұрын бұндай қажетті заттарды шетелден тасысақ, енді Орал қаласында өндіретін болдық. Енді импортқа деген тәуелділік азаяды. Сонымен қатар біраз жұмыс орындары ашылады. Ел қоржынына жаңа салық түсетін болады. Осының барлығы еліміздің игілі үшін жасалып жатқан іс. «Топан» компаниясы мен құрылтайшыларына ризашылығымды білдіремін. Өндіріс жұмысы сәтті болсын,- деді зауыттың ашылуына арнайы келген өңір басшысы Ғали Есқалиев.FEDED9F1-8EAE-4174-A619-93D5D41F6B75

«Топан» ЖШС-нің даму жөніндегі директоры Ғайса Жұмалиевтің айтуынша, заманауи жабдықтармен қамтылған кәсіпорын жұмысы қоршаған ортаға көп зиян келтірмейді және барлық экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып салынған. Қуаттылығы жылына 20 мың тонна химиялық реагент шығаруға қауқарлы. Компания мұнай өндірісіне аса қажетті тотығудың және тұз жиналудың алдын алатын ингибиторлар, деэмульгаторлар, биоцидттер, коагулянттар мен флокулянттар және су өңдеуге арналған химиялық реагенттер өндіреді. Бұл елімізде аталған реагенттердің импортына деген тәуелділікті сәл де болса азайтады.8B55FB9D-D3D8-4FEE-B4A6-040AC35D8D34

Қазіргі таңда «Топан» компаниясының негізгі тапсырыс берушісі КПО б.в компаниясы болып отыр. Кәсіпорын болашақта Кедендік одақ нарығына шығуды көздейді. Осы күнге дейін ЖШС-де 200 адам еңбек етсе, өндіріс ошағы қосымша 50 жұмыс орнын ұсынбақ.

Түгелбай Бисен

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале