Жуырда Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі барша бизнесмендерін коронавирус індетіне байланысты орын алып жатқан күрделі ахуалды жою мақсатында қаржылай қолдау білдіруге шақырған болатын.
Президент көтерген бастаманы алғашқылардың бірі болып Казталов ауданының кәсіпкері, "Дархан" шаруа қожалығының жетекшісі Нұрлыбай Жолдыбаев қолдап, Батыс Қазақстан облысының "Ақжайық" жеке қорына 500 мың теңге қаражат аударды.
Нұрлыбайдай атымтай азаматтың бұл игі ісін ауданымыздың барлық кәсіп иелері қолдайды деп сенеміз.
Қайрат Жақып
Казталов ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер