10.04.2020, 22:45
Оқылды: 16

Биыл түлектердің қорытынды аттестаттау емтихандары өткізілмейді – ҚР БҒМ

Қашықтан оқыту жағдайында мектеп түлектері үшін қорытынды аттестаттау пәндер бойынша жылдық бағалары негізінде жүргізіледі. ҰБТ-ны өткізу мерзімдері өзгеріссіз қалады. ҚР Білім және ғылым министрлігі осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

75B9B329-3DDF-47B8-A7D3-19C83A0E71E4

Министрліктен мәлім еткендей, Қазақстанда енгізілген төтенше жағдай мен оқушылардың қашықтан оқу түріне ауысуына байланысты БҒМ 9 (10) сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау емтихандарын, ал 11 (12) сынып оқушылары үшін мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтихандарын өткізбеу туралы шешім қабылдады. «Біз сараптай келе осындай шешім қабылдадық. Тиісті өзгертулер министрліктің бұйрықтарына енгізілді. Жекелеген емтихандар өткізілмейтін болады. Бұл оқу жетістіктерін қорытынды бағалаудың барынша әділдігін қамтамасыз етеді», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен. Естеріңізге сала кетсек негізі 9 (10) сынып түлектерінің қорытынды аттестаттауы келесідей өткізілетін: 1) ана тілі бойынша жазбаша емтихан (оқыту тілі бойынша) – эссе түріндегі жазбаша жұмыс, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп оқушылары үшін мақала/әңгіме/эссе түріндегі жазбаша жұмыс; 2) математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан; 3) оқыту орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде жүргізілетін сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан және оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті пәнінен жазбаша емтихан; 4) таңдау пәні бойынша (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатикадан жазбаша емтихан ретінде. Ал 11 (12) сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау келесідей өткізіліп келді: 1) ана тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (оқыту тілі бойынша) эссе түрінде; 2) орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі бойынша тестілеу және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі бойынша тестілеу; 3) алгебра және талдау негіздері бойынша жазбаша емтихан; 4) Қазақстан тарихы бойынша ауызша; 5) таңдау пәні бойынша тестілеу (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/ француз/ неміс), информатикадан тестілеу түрінд. «Қазіргі уақытта Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу мерзімі өзгеріссіз қалып отыр. Түлектер Ұлттық тестілеу орталығының сайтында орналастырылған сынама тесттерін тегін пайдалана алады. Әр пән бойынша тестілеудің 70 бірегей нұсқасы ұсынылып отыр», - делінген хабарламада. Естеріңізге сала кетейік 2017 жылдан бері ҰБТ нәтижелері ЖОО түсуге және білім гранттарын иеленуге, ал қорытынды аттестаттау емтихандарының нәтижесі аттестат алу үшін қажет.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале