- Еуразиялық экономикалық одақтың мақсаты – үш елдің эко-номикалық әлеуетін тиімді пайдаланып, бәсекеге қабілеттілігін нығайту. Сол арқылы халықтың тұрмыстық жағдайын көтеру, - деді БҚО тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев. – Кедендік одақ шеңберіндегі өнімдерге қатысты кейбір техникалық регламент талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүргізуді қамтамасыз ету тұтыну-шылардың құқықтарын қорғау жөніндегі біздің департаментке жүк-телген болатын. Еуразиялық одақ күшіне енген соң тауар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар бұрын-ғыша заңды күшінде, яғни Кедендік одақтың техникалық регламентімен реттеледі. Ал кедендік техникалық регламенттері қабылданбаған тауарлар мен өнім-дерге санитарлық шаралар аясындағы Кедендік одақтың нормативтік-құқықтық актілері қолда-нылады. Қазір тауардың (өнімнің) сәйкестігін нақтылайтын төрт құжат бекітілді. Олар: бірінші – ұлттық сәйкестік сертификаты немесе Кедендік одақтың сәйкестік сертификаты, екіншісі – сәйкестік туралы Ұлттық декларация немесе Кедендік одақ сәйкестігі туралы декларация, үшінші – мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (мемлекеттік тіркеуге жататын өнімге беріледі), төртіншісі – ветеринарлық анықтамалар мен сертификаттар (өңделген мал шаруашылығы өнімдеріне беріледі). Бірақ Еуразиялық одақ шартына сай одаққа мүше елдерден тауар өткізгенде осы құжаттардың біреуі болса жарайды, - деді Мұхамғали Қайыржанұлы.
Қазіргі кезде Кедендік одақ елдері арасында 35 техникалық регламент қабылданған. Соның 32-сі күшіне енген. Биыл тағы екі техникалық регламент ақпан айының 15-нен бастап өз күшіне енетін болады. Сонымен қатар 2016 жылдың 15 мамырынан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімімен «Темекі өнімдерінің техникалық регламенті» күшіне енеді. Бұл туралы баспасөз мәслихатында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Салтанат Қамешева айтып өтті.
- Еліміздің кәсіпкерлеріне жеңілдіктер жасауда техникалық реттеудің жалпы жүйесін жасақ-таудың маңызы зор. Мүдделі тұлғаларды көптеп тарту үшін облыстарда техникалық реттеу мәселесі жөнінде аймақтық штаб құрылды. Сондықтан бизнес өкіл-дерін техникалық регламенттерге өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстары болса, штабқа ха-барласуға болады, – деді Салтанат Ғазизқызы.
- Жалпы, Еуразиялық эконо-микалық одақ құрылған сәттен бастап үлкен нарық пайда болды. Үлкен нарықтың пайда болуы біздің бизнесіміз үшін, тауарларымызды өткізу үшін қосымша төленетін төлемдердің алынып тастауымен маңызды, – деді Сағида Шәкенова.
Сағида Аманқосқызының мә-лімдеуінше, Еуразиялық одақ туралы келісімшартта көрсетілгенін-дей, одаққа мүше елдерден жеке тұлғалар өз мақсатына пайдалану үшін алынған көлік және та-уарлар үшін қосымша құн салығы алынбайтын болды.
- Тағы бір басты жаңалық, одаққа мүше елдер аймағына импортқа шығарған өнім туралы есеп электронды түрде берілетін болады. Бұл кәсіпкерлерге қағазбастылықты азайтып, өнім өткізу ісін жеңілдетеді, – деді сөзінің соңында Сағида Аманқосқызы.
Баспасөз мәслихатына қатысу-шылар журналистердің сауалдарына жауап берді.