10 наурыз күні Бөрлі ауданы Ақсай қаласында БҚО ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімінің ғимаратында кабинетте жол-патрульдік полиция взводының қызметкері полиция сержанты А.Утяшовке пара беру кезінде 1988 ж.т. С. есімді азаматты анықтап, ұстады. Ол Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабы 1-бөлімі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) бойынша толтырылған әкімшілік материалды Бөрлі аудандық әкімшілік сотына жолдамау үшін 150 мың теңге көлемінде пара ұсынбақ болған.
Аталған күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 367-бабы 2-бөліміне (пара беру) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Сыбайлас жемқорлықпен күресте азаматтық ұстаным мен табандылық танытқаны үшін Бөрлі АІІб ЖППВ қызметкері полиция сержанты А.Утяшов сыйақымен көтермеленетін болады.
БҚО ІІД баспасөз қызметі