2015 жылы денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 22,2 млрд.теңгені құрады. Медицина ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға 0,7 млрд.теңге бөлінді.
Медициналық жабдықпен қамтылу көрсеткіші 69%-дан 77-%-ға ұлғайды.
Дәрігерлер тапшылығы 56 маманды құрайды, өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 46 маманға кем(2014 ж. – 102 маман).
2015 жылы облыс бойынша 87 жас маман жұмысқа орналастырылды, соның ішінде 54 (немесе 62,1%) ауылдық жерлерге жіберілді.
Дәрігерлермен қамтылу көрсеткіші 10 мың адамға 25,2 құрайды (1564 адам), орта медициналық персонал – 90,1 (5693 адам).
Қызметтік тұрғын үймен 14 жас маман қамтамасыз етілсе, соның ішінде 9-ы ауылдық жерлерде, 5-і Орал қаласында.
«Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде жалпы кісі өлімі бойынша, зардап шегу және уланудан өлу көрсеткіштері 5,6%-ға, туберкулезбен ауыру 6,8%, қатерлі ісік ауруларынан кісі өлімі 5,7% -ға,туберкулезден өлімі 15,8%-ға,бала өлімі 2,3%-ға азайып отыр.