16.02.2021, 20:23
Оқылды: 292

100-ге жуық автобус сатып алынады

Қазіргі уақытта қоғамдық көлік мәселесі қала басшылығының бас ауыртар мәселесіне айналды. Шаһар басшысының онлайн есебінде осыған байланысты сан сауал қарша борады. Абат Шыныбеков Орал аумағындағы маршрут бойынша көлік қозғалысының жолаушылар үшін оңтайлы болуы қарастырылып жатқанын жеткізді. Облыс орталығында 29 қалаішілік, 10 саяжай және қала маңы бойынша алты бағыттағы маршрут қозғалысы бар.

8AAA426B-AF15-4A88-9040-E3D31C6BD933

– Маршрут автобустары жөнінде тұрғындар тарапынан сұрақ өте көп. Қала аумағы да кеңейіп келеді. Қоғамдық көлік қозғалысына байланысты көпшіліктің өкпе-реніш білдіруі өте орынды. Қала аумағында жүретін барлық автобустың жаңартылуын қамтамасыз етуге мүдделіміз. Шаһар бойынша жолаушы тасымалымен айналысатын алты кәсіпорын бар. Қала аумағындағы маршрутты түгел қамту үшін автобус санын 440-қа жеткізу қажет. Қазіргі уақытта тасымалдаушы кәсіпорындар 300-ден астам қоғамдық көлікті қатарға қосқан. Биыл жолаушы тасымалдаушыларға берілетін субсидия қаржысын көбейту арқылы олардың 100-ге жуық жаңа автобус сатып алуына жағдай жасалады. Осы іс-шаралар арқасында қоғамдық көлік қозғалысының сапасы жақсарады деген сенімдеміз, – деді қала әкімі Абат Шыныбеков.

 Нұртай Текебай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале