1.10.2016, 17:56
Оқылды: 38

Оралда қоғам қайраткерінің есімі ұлықталды

screenshot_2016-10-01-19-40-43-1Бүгін Орал қаласында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мұстақым Біләлұлы Ықсановтың 90 жылдығына байланысты еске алу шаралары өтті.


Шараларға облыс әкімі Алтай Көлгінов пен Мұстақым Біләлұлының қызы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлнар Ықсанова, жерлестері мен әріптестері қатысты.

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының қабырғасына өңірімізде 1975-1985 жылдар аралығында басшылық қызметтерде болған Мұстақым Біләлұлының құрметіне ескерткіш тақта орнатылды. Тақтаны ашу құрметі облыс басшысы Алтай Көлгінов пен Гүлнар Ықсановаға берілді.

screenshot_2016-10-01-19-42-47-1Мерейлі шараға жиналған мәртебелі меймандар бұдан кейін М.Б.Ықсанов есімін иеленген №36 орта мектептегі мұражайда болды.

Облыстық қазақ драма театрында өткен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында да мемлекеттік қайраткердің өмірі мен еңбек жолы туралы жылы лебіздер айтылды. Басқосуға Астана, Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Атырау облысынан үлкен делегациялар қатысқандығын айта кеткен абзал.

Мұстақым Біләлұлының 90 жылдық торқалы тойына жиналғандар оның адамгершілігі, іскерлік қасиеттері, еліміздің дамуы мен көркеюі жолында атқарған еңбегі туралы естеліктерімен бөлісті.

screenshot_2016-10-01-19-44-35-1М. Ықсанов 1926 жылы Жәнібек ауданының Борсы ауылында дүниеге келген. Алматыдағы ауылшаруашылық институтын тәмәмдаған соң, Фрунзе аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып істеді. Құрылыс басқармасына маман болып орналасқан М.Ықсанов көп ұзамай басқарма бастығы қызметіне тағайындалады.

11 жыл Батыс Қазақстан облысын басқарып, өңірдің дамуына үлкен үлес қосты. Бүгінде қайраткердің есімі облыс орталығындағы жалпы білім беретін №36 орта мектепке берілген.

Мұстақым Біләлұлы халық шаруашылығы саласындағы қызметінде теміржол дистанциясының технигінен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысына дейін көтерілді.

fb_img_1475333870962Ел картасындағы ірі су шаруашылық ғимараттары, селден қорғау дамбалары, Алматы қаласындағы «Медеу» мұзайдыны, Республика сарайы, «Қазақстан» қонақ үйі, т.б. белгілі ғимараттар М.Ықсановтың тікелей басшылығымен салынған болатын.

Қоғам қайраткері М.Ықсановтың есімі мемлекеттің де, халықтың да жадында мәңгі сақталады.

Мерейтойлық шаралар ертең қайраткердің туған жері – Жәнібек ауданында жалғасады.

www.zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале