20.02.2017, 15:00
Оқылды: 27

Абай болыңыздар!

«Қазгидрометтің» болжамы бойынша, Оралда тұман түсіп, қар аралас жаңбыр жауады, оңтүстік-батыстан қатты жел соғады деп күтілуде. Түнде ауа температурасы 0-5 аяз, күндіз 0 градусты көрсетпек. Синоптиктер осындай ауа райы аптаның соңына дейін жалғасады деп болжап отыр.


Қар аралас жауған жаңбырдың соңы қала көшелеріндегі көктайғаққа ұласуы ықтимал. Осыған орай, Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта қала аумағында көктайғақты болдырмау және төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында бірқатар іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Қала бойынша коммуналдық мекемелердің жұмысы күшейтіліп, 80-нен астам арнайы техника қар тазалау жұмыстарына жұмылдырылған.

Күн райының өзгеруін ескере отырып, Орал қаласының әкімдігі қала қонақтары мен тұрғындарын көшеде қауіпсіздік шараларын сақтауға, абай болуға шақырады.

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале