16.05.2022, 13:00
Оқылды: 117

Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға қайтарылуы мүмкін

Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға қайтарылуы мүмкін. Бұл жайында Ақжарқынның адвокаты Сұңқар Нұрмағабметов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220516123403717e

«2014 жылы Гуанчжоу әуежайында Ақжарқын Тұрлыбай ұсталды. Сол жылы Хошимин қаласында ростовтық Мария Дапирка тұтқындалды. Заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес Орталық Азия өңірлік ақпараттық координациялық орталығы қыздарды нигериялық есірткі тобының құрбанына айналған деп мойындады. Екеуі де өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Ақжарқын Тұрлыбайдың жақын арада Қазақстанға қайтарылуын күтеміз», - деп жазды Сұңқар Нұрмағамбетов.

Еске сала кетейік, 21 жастағы қазақ қызы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Қытайдың Малайзиямен шекарасында есірткімен ұсталған болатын. Оның жүк сөмкесінен 4,5 келі есірткі табылды, Ақжарқын ол туралы білмейтінін мәлімдеген. Осы іс бойынша Қытайдың Гуанчжоу соты Ақжарқын Тұрлыбайды есірткі контрабандасымен айыптап, өмір бойына бас бостандығынан айырды. 2016 жылы 7 сәуірде апелляциялық сатыдағы сот Ақжарқын Тұрлыбайды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өзгерту және істі бірінші сатыдағы соттың қарауына жіберу туралы қаулы еткен.

2205161233506944g

Бұған дейін ҚР мен ҚХР мемлекеттерінің құзырлы органдары бір келісімге келген жағдайда Қытайда сотты болған Ақжарқын Тұрлыбай жазасын өз елінде өтеуі мүмкін екендігін бұған дейін де хабарлаған едік.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та Қытайға мемлекеттік сапары барысында осы ел түрмесінде жатқан отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбайдың мәселесін көтерген болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале