18.02.2022, 9:50
Оқылды: 63

«Әлі-ақ көктем келеді!»

Табиғаттың әрбір маусымы ерекше. Қыс жылдың төрт мезгілі ішіндегі  ең сұлуы. Аппақ қарды тазалық пен ақ ниеттің, пәк көңілдің белгісіндей көреміз. Көпшілік қысты тылсым құбылыстың мезгілі деп бекер айтпайды. Оның түні де, күні де әдемі. Бұл мезгіл ең дарынды суретші тәрізді, кең далаға көркем пейзажды қалай керемет салады! Аяздың  терезе әйнектеріне салған сан түрлі ою-өрнектерін ешбір шебер қайталай алмайды. 

3FB0C236-D5B2-4652-A6A2-8BE337CA6D0E

Қыстың жапалақтап жауған қары, беті-қолды шымшитын шымыр аязы, долданған бораны маған ерекше  әсер етеді. Бала біткен қысты жақсы көреді. Өйткені олар сыртқа шығып, қармен ойнайды, шанамен сырғанайды, шаңғы, коньки тебеді. Қала берді, аққала жасап, қарды тау-төбе ғып үйіп, өздеріне сырғанақ жасайды. Ал қала көшелеріндегі тұрғындар күннің суықтығынан сүрініп-қабынып, үйлеріне асығып бара жатқандай көрінеді. Қысқы бақтар мүлгіп тұрады. Анда-санда қарқ еткен қарға болмаса... Жым-жырт. Жаздағы көңілді дауыстар, сыңғырлаған күлкі естілмейді. Тек бұтадан-бұтаға қонған сары шымшықтар ғана: «Әлі-ақ  көктем келеді!» деп жайлап шиқылдап, сыбырласатын секілді...

Айшабибі Махамбет,

№22 мектептің  7-сынып оқушысы,

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале