Батыс Қазақстан облысына Астана қаласы әкімдігінің «Музыкалық жас көрермен театры» мәдени сапармен келді.
Облыс әкімі Нариман Төреғалиев өңірімізге мәдени сапармен келген театрдың директоры Асхат Маемировты және театр әртістерін қабылдады.
Кездесу барысында өнерді дәріптеу, театрды қолдау, жас буынның тәрбиесі мен өңірдегі театр өнерін дамыту мәселелері талқыланды.
Өнер майталмандары сапар аясында өнерсүйер қауымның назарына тың туындыларын сахналайды.
Айта кетейік, елорда төрінде 2020 жылы тұсауы кесілген Астана қаласы әкімдігінің «Музыкалық жас көрермен театры» ұжымы өнер бәйгесіне жаңадан қосылған – жас театр.
Театр кеше сапар аясындағы алғашқы шымылдығын қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай сахналанған М.Әуезовтың «Абай-Тоғжан» музыкалық-драмасымен ашты.
Гүлмира Сәрсенғали
Суреттерді түсірген автор
zhaikpress.kz