Бәйтерек ауданы: Озерныйға жаңа мектеп қашан салынады?
3 Маусым 2023

Бәйтерек ауданы: Озерныйға жаңа мектеп қашан салынады?

Балаларға мереке сыйлады
3 Маусым 2023

Балаларға мереке сыйлады

Оралда VI халықаралық экологиялық форум өтті
3 Маусым 2023

Оралда VI халықаралық экологиялық форум өтті

Желбіре, көк байрағым!
2 Маусым 2023

Желбіре, көк байрағым!

Талдықұдықтықтар челлендж бастады
2 Маусым 2023

Талдықұдықтықтар челлендж бастады

Казталов ауданы: 30 кітап оқыған оқушыға 300 мың теңге беріледі
2 Маусым 2023

Казталов ауданы: 30 кітап оқыған оқушыға 300 мың теңге беріледі

29.07.2021, 16:35
Оқылды: 318
Бастауыш кәсіподақ ұйымы еңбек ардагерін құттықтады

2021 жыл – бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы тарапынан жарияланған атаулы жылдың басты мақсаты – кәсіподақ бірліктерінің белсенділігін аттыра отырып, мобильді орталықтандыру. Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысы бойынша 977 бастауыш кәсіподақ ұйым бар. Осыған орай атаулы жыл аясында облыстық кәсіподақтар орталығы өңірдегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен кездесулер өткізіп, ұжымдағы хал-ахуалмен танысуда. Бүгінгі онлайн байланыс желісінде – Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымы болды.

WhatsApp Image 2021-07-29 at 16.33.26

Еңбек ұжымы – мамандарының біліктіліктерімен, оқушыларының үздік жетістіктерімен облыста ерекшеленеді. Бұл орайда, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Аяулы Нұрлығайынқызы өз сөзінде:

- Ұжым бірлігі біріншіден басшылыққа, қызметкерлер үшін жасалып жатқан әлеуметтік кепілдіктер мен қолдауларға, сондай-ақ бірлестіктегі жауапкершілік пен сенімге тікелей байланысты деп білемін. Дәл осы жерде мектеп директоры Аягөз Орынбайқызының ұстанымы ерекше ұнайды. Кәсіподақ ұйымының әр бастамасына қолдау білдіріп, қызметкерлері үшін жанашырлық танытып келеді, - дейді.

Қазіргі таңда мектеп қызметкерлері кәсіподақ жолдамасы арқылы «Ақжайық», «Сарыағаш», «Ақсу» сауықтыру шипажайларында демалуда. Жалпы бастауыш кәсіподақ ұйымында 170-ке жуық кәсіподақ мүшесі бар. Ағымдағы жылдың 24 шілде күні кәсіподақ мүшелері ардагер ұстаз, бірнеше жыл мектепте директор қызметін атқарған еңбек адамы Ерсайын Сапаровты 75 жылдық мерейтойымен құттықтады. Сол секілді әрбір мереке сайын, атаулы күндерде, қызметкерлер мен ардагерлердің туған күндерінде кәсіподақ ұйымы атынан құттықтау шаралары ұйымдастырылып, жан-жақты қолдаулар көрсетіледі. Елдегі эпидемиологиялық ахуалдың асқынған шағында отбасында аурудан көз жұмған жақындары бар қызметкерлерге кәсіподақ тарапынан қаржылай қолдау көрсетілді. «Маман құқығын қорғау, ынталандыру, қабілеттерін шыңдау, ұжымның бірлігін сақтау, әлеуметтік қолдаулар көрсету – кәсіподақтың басты міндеті. Бұл міндеттердің асқан жауапкершілікпен орындалуының арқасында еңбек қатынастарына қатысты шиеленістерге жол берілмейді», – дейді кәсіподақ жетекшісі Аяулы Нұрлығайынқызы.

 

«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале