15.11.2024, 11:45
Оқылды: 47

Батыс Қазақстан облысында есірткі таратумен айналысқан екі күдікті ұсталды

Батыс Қазақстан облысында есірткі таратумен айналысқан екі күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

photo-output

Фото: polisia.kz

Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел-іздестіру шаралары барысында есірткі тасымалдауға қатысы бар ер мен әйелді қолға түсірді.  Тәртіп сақшылары оларды есірткіні жасыру кезінде ұстады. Әйелді жеке тексеру барысында оның күртешесінің қалтасынан ерекше иісі бар ақ түсті ұнтақ салынған 14 полиэтилен орамы табылып, тәркіленді. Ер адамның да шалбарының қалтасынан дәл сондай бір орам есірткі анықталды. Күдіктілер полицияға есірткі жасырылған орындарды көрсетті. Сол жерлерден құқық қорғау қызметкерлері өзіне тән иісі бар ұнтақ салынған 10 полиэтилен орамын тауып, тәркіледі. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал ер адамға қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды. Айта кету керек, ұсталған әйел бұған дейін, қыркүйек айында, есірткі сатқаны үшін жауапқа тартылған болатын. Алайда ол қылмыстық әрекетін тоқтатпай, жалғастырған.

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрестің құқық қорғау органдарының басым бағыттарының бірі екенін еске салады.
Заңнамаға сәйкес, есірткі заттарын таратқаны үшін бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале