24.07.2020, 19:24
Оқылды: 160

Батысқазақстандық музей қызметкерінің жұмысы оң бағаланды

23 шілде күні Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің 100 жылдығына арналған «Музей тарихы – біздің жадымыздың тарихы» атты онлайн халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысқан Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозиция және көрмені жабдықтау бөлімінің суретші-реставраторы, жас маман Нұрлыхан Хайрушевтің жұмысы жоғары бағаланды.

E481E236-2C6A-481A-A3BA-DA674A673B8C

Онлайн конференцияда жас маман Нұрлыхан Закияұлы «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің цифрландыру бағытындағы тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасады.

2019 жылдың сәуір айында Батыс Қазақстан облыстық музейінде «Маркетинг технологиялары және цифрландыру» бөлімі ашылған болатын.

Бөлім музейге келушілерге ұсынылатын қызметтің деңгейін көтерудің жолдарын қарастырып, музей қызметін жүйелі жоспарлау, келушілердің қажеттіліктерін өтейтін жоғары деңгейдегі шараларды ұйымдастырумен, музей имиджін көтеретін жобаларды ойластырып, жүзеге асыру жұмыстарымен айналысады.

- Музей ісінде маркетинг стратегиясын қолдану - нарықтық экономикада музейлерді табысқа жетелейтін басты бағыттардың бірі. Өлкеміздің құндылықтарын брендке айналдыру, көпшілікке музей жәдігерлерін заманауи түрде жеткізу бағытында жәдігерлер цифрландырылуда.

Облыстық музей қорындағы құндылықтар негізінде «3D форматтағы интерактивті кітабы» басылымға әзір тұр.

3D форматта жәдігерлерді жан-жақты қарау мүмкіндігіне ие. Музей залдарындағы жәдігерлерге QR-кодтар қойылады. Бұл жұмыстар алдымен жәдігерлерді бір жүйеге келтіруге мүмкіндік берсе, сонымен қатар келушілер еліміздің құнды мұраларын заманауи технологиялардың көмегі арқылы танып біле алады.

Бүгінде балаларға арналған өлке құндылықтары енген бояу кітапшалары шығарылуда. Жәдігерлер салынған магниттер мен күнтізбелер музейге келушілер тарапынан сұранысқа ие.

Бұдан өзге облыстық музейде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыстағы қасиетті нысандар мен тарихи жәдігерлер 3D форматындағы виртуалды картаға енгізіліп, музей ғимаратының кіреберісіне қойылған.

Музей залдары туралы мәлімет алуға келушілерге арналған ақпараттық киоскі орнатылған. Музейге қызығушылық танытушылар www.olke.kz сайты арқылы облыстық музейге виртуалды саяхат жасауға мүмкіндігі бар, - дейді облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозиция және көрмені жабдықтау бөлімінің суретші-реставраторы, жас маман Нұрлыхан Хайрушев.

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале